«РАХЫМҚЫЗЫ РАИСА АНА» МЕШІТІНДЕ ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ (ФОТО)

12 маусым 2024 193 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Рахымқызы Раиса ана» мешіті «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсына балаларды қабылдап, өз жұмысын бастап кетті. Мешіттің наиб имамы Рахматулла Оразұлы балаларға білім алудың маңыздылығын түсіндіріп, Ислам әдептерін үйренудің артықшылықтарына тоқталып өтті.

Айта кетсек, сауат ашу курсының оқушыларына Астана медресесінің шәкірттері дәріс жүргізетін болады. Оқушыларға ҚМДБ-ның «Muftyat» баспасынан жарық көрген «Имандылық әліппесі» оқулығы таратылып, «Құран әліппесімен» қатар осы кітап негізінде имандылық сабағы өтеді

3 адам және тұғыр кескіні болуы мүмкін

7 адам кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру