«РАМАЗАН СЫЙЛЫҒЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ(ФОТО)

12 сәуір 2023 1860 0
Оқу режимі

Бүгін Зекет және қайырымдылық қорының  ұйымдастыруымен Астана қаласының Пригородный ықшам ауданында ораналасқан «Әлжан ана» мешітінде  «Рамазан сыйлығы» қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында аталған ықшам ауданның әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы және аз қамтылған 300 тұрғынына азық-түлік қорабы таратылды.

Ізгілік акциясына ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев қатысып, келушілерді Рамазан айымен құттықтады.  Сондай-ақ, Елорда бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы сөз сөйлеп, қайырымдылық акциясына  демеушілік білдіріп, игі шараның басы-қасында жүрген кәсіпкер Дидар Ақашұлы мен Әлия Хайырсанқызына өз ризашылығын білдірді.

Қайырымдылық акциясының өтуіне ұйытқы болған ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының Астана қаласы бойынша өкілі Мерей Қанатұлы қасиетті айдағы қайырымдылық шаралары әлі де жалғасатынын  атап өтті.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру