РАМАЗАНДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ ЖОСПАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

27 сәуір 2023 1430 0
Оқу режимі

Бүгін Республикалық Бас мешітте  Рамазан айында атқарылған іс-шаралар қорытындыланып, алдағы жұмыс жоспарын талқылау жиыны өтті.

Жиынға қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы мен Астана қаласы мешіттерінің барлық дін қызметкерлері қатысты.

«Аллаға шүкір, Рамазан айында жоспарлаған іс-шараларымызды ойдағыдай атқардық. Баршаңызға өз атымнан алғыс білдіремін. Қасиетті айдан кейін «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясындағы жұмыстарды жауапкершілікпен, жоғары деңгейде атқаруға мән беруіміз керек» деді ҚМДБ Астана өкілдігінің бас имамы Ерболат Жүсіпов.

Жиында мешіт тазалығы, мешіттің басқару жүйесі, жерлеу рәсімі, көне кітаптарды жандандыру, «дін мен дәстүр» аясында спорттық шаралар өткізу, зират әдебі, имамдардың біліктілігін арттыру, ақсақалдар алқасы мен әжелер мектебін құру сияқты бірқатар мәселелер талқыланды.  

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру