РАНТ мүшесі Арыс халқымен кездесу өткізді (ФОТО)

02 шілде 2019 473 0
Оқу режимі

Арыс қаласына арнайы сапар аясында жолы түскен РАНТ мүшесі, Елордадағы «Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов кеше Арыс жамағатымен кездесу өткізді. Арыс қаласының Орталық мешітіне жиылған жамағатқа Алла Тағаланың разылығына бөлейтін сауапты амалдар жайында сөз қозғаған білікті уағызшы аят-хадистермен қуатталған тағылымды насихат айтты.

Апаттың беті қайтып, баспанасына қайта оралған Арыс халқына қазіргі таңда ҚМДБ өкілдіктерінен арнайы қайырымдылық керуендері келіп жетіп, материалдық әрі рухани қолдау көрсету шаралары жүргізіліп келеді.

Осы орайда, имам уағызы жамағат үшін жігерін жанып, үмітін оятқандай болды. Кезедсу соңында жамағат болып қол жайып, арыстықтар үшін арнайы дұға жасалды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру