РАНТ МҮШЕСІ АСТАНА МЕШІТТЕРІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

30 қыркүйек 2023 538 0
Оқу режимі

Қыркүйек айының соңғы күндері Астана қаласына ресми іссапармен келген РАНТ мүшесі, Ақмола облыстық «Науан хазірет» мешітінің наиб имамы, исламтанушы Ұлан Шарипов жамағатпен бірнеше кездесу өткізіп, түрлі тақырыптарды уағыз айтты.

Атап айтқанда, РАНТ мүшесі «Әл-Фараби», «Әл-Ғани», «Әл-Фаттах», «Ақмешіт», «Раиса ана», «Ғылмани» мешіттерінде бесін, ақшам, жұма уағыздарын жүргізіп, көпшілікке Ихсан ілімі, діни теріс ағымдар турасында уағыздар жеткізді. 

Сондай-ақ, Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік мекемелерге де бас сұғып, тұшымды насихат айтты.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру