РАНТ МҮШЕСІ ЕЛОРДА ЖАМАҒАТЫМЕН БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ (ФОТО)

22 қазан 2022 2670 0
Оқу режимі

Осы аптада Астана қаласына арнайы іссапармен келген ҚМДБ Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі, Ақтөбе қаласының бас имамы Нұрлыбек Шәкизадаұлы Елорда жамағатымен бірқатар кездесулер өткізіп, «Мәзһаб ұстанудың маңыздылығы», «Жамағат ауызбіршілігі», «Білім алудың пайдасы», «Ер мен әйелдің өзара құқықтары» секілді іргелі тақырыптар бойынша насихат жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, РАНТ мүшесі Астана қаласындағы №74 физика-математика мектебінің жоғары сынып оқушыларымен, «Ақмешіт», «Ғылмани», «Раиса ана» мешіттерінің жамағатымен, «Астана» медресе-колледжінің шәкірттерімен арнайы кездесулер өткізді.

Сондай-ақ, қасиетті жұма күні «Ақмешіт» мешітінде «Бірінші тілек тілеңіз, бір Аллаға жазбасқа» тақырыбында жұма уағызын айтты.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру