РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 35 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

24 қазан 2026 42 0
Оқу режимі

25 қазан – Республика күніне орай «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйытқы болуымен «Ар-Рахман» мешітінде 35 отбасыға қайырымдылық көмегі көрсетілді.

Игі бастама аясында жалпы құны 1 миллион теңгені құрайтын азық-түлік қоржындары мұқтаж отбасыларға табысталды.

Ұлттық мереке қарсаңында отбасыларға Қазақстанның көк туы, «Қазақстан» шоколады және азық-түлік салынған қоржындар берілді. Іс-шара барысында жиналғандарға мерекелік құттықтау айтылып, елдің амандығы мен тәуелсіздіктің тұғырлы болуын тіледі. Игі іске үлес қосқан азаматтарға алғыс айтылып, қайырлы амалдарының қабыл болуына дұға жасалды.

Қайырымдылық шарасы мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп қана қоймай, ұлттық мерекенің мәнін дәріптеп, қоғамдағы жанашырлық пен өзара көмектің маңызын арттыруға бағытталған.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру