Сенат төрағасы барша мұсылман қауымын құттықтады

13 сәуір 2021 3483 0
Оқу режимі

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздің барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

«Бұл – сабырлықтың, мейірімнің және ізгіліктің айы. Осы кезеңде адамзатты ырыс-ынтымаққа шақыратын рухани құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Отыз күн оразада қайырымдылық танытып, мұқтаж жандарға қолдау көрсету де игі дәстүрге айналды.

Өкінішке қарай, биыл да Рамазан айы бүкіл әлемді жайлаған пандемия кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан азаматтарымыз қалыптасқан кейбір рәсімдерді орындауда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарына құлақ асқаны жөн. Бұл ретте халқымыз жауапкершілік танытады деп сенеміз» деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ Сенат Төрағасы «Ниет еткен жандарға ұстаған оразаларыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын деймін. Береке-бірлігіміз арта берсін. Әр шаңырақ шаттыққа кенелсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» деген игі тілегін де жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру