СЕНБІЛІК АЯСЫНДА «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ АУЛАСЫНА АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ (ФОТО)

09 қыркүйек 2023 1161 0
Оқу режимі

Бүгін Дін істері басқармасы мен Діндерді зерттеу орталығының мамандары, сондай-ақ ҚМДБ өкілдері «Алматы» ауданының әкімдігі ұйымдастырған сенбілікке қатысып, қаламыздың тазалығына өз үлестерін қосты.

Сенбілік жұмыстарына «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары Қожекенов Мұхамедияр Нұрлыбекұлы және қалалық мәслихат депутаты Ажикенова Мадина Берікболқызы қатысып, өз лебіздерін білдірді.

Қаладағы мешіт қызметкерлері мен жамағаты да сенбілікке белсене атсалысып, Астананың көркіне айналған «Әзірет Сұлтан» мешітінің ауласына ағаш отырғызу жұмыстарына қатысты.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру