Серікбай қажы Ораз: Жаңа бастамаларға ұйытқы болады

07 ақпан 2020 4154 0
Оқу режимі

Бүгін Елордада өткен Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс ІХ Құрылтайында Серікбай қажы Ораз 300 делегат бірауыздан дауыс беріп, қолдау білдірген Бас мүфти туралы пікірін жеткізді.

«Наурызбай қажы Тағанұлы менің Бірінші орынбасарым ретінде халықаралық және республикалық деңгейдегі діни-ағартушылық бағыттағы жобалардың жүзеге асуына сүбелі үлес қосты. Діни салада тәжірибесі мол. Оның осы саладағы ынта-ықыласы, ерік-жігері көптеген мәселені шешуге ықпал етеді деп есептеймін.  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарма жұмысын одан әрі жандандырып, жаңа бастамаларға ұйытқы болатынына сенемін», - деп атап өтті Серікбай қажы Ораз.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру