Шәкірттерге ықыластың маңыздылығы жайында уағыз айтылды (ФОТО)

01 сәуір 2019 7958 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі дәстүрлі жексенбілік уағызында шәкірттерге «Ықыластың маңыздылығы» түсіндіріліп, құлшылыққа қатысты мән берер мәселелер айтылды. Қалыптасқан үрдіс бойынша әр жексенбі сайын ақшам намазынан кейін өткізіліп тұратын уағыз мінберіне бұл жолы «Ғылмани» мешітінің ұстазы Серік Хаманұлы шақырылған болатын.

Білікті ұстаз жамағатқа ықыласты болудың маңыздылығын түсіндіріп, құлшылыққа құлшындыра түсті. Әрбір амалға ықыласты болудың, ынта танытудың қажеттілігі жайында көркем түрде түсіндірген ұстаз уағызы жамағатқа өте пайдалы ақпараттарға толы өтті. Жүздесу соңында әдеттегідей жамағат сұрақтарына кезек беріліп, күрделі тақырыптар бойынша тұшымды жауаптар қайтарылды.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру