«Шатырдағы намаз» шартарапқа жайылды

03 шілде 2019 5217 0
Оқу режимі

Фейсбук желісіне жарияланған шатырдағы жұмысшы суреті бұл күнде бүкіл әлемге таралып, оқырманның ыстық ықыласына бөленген. Суретті бөліскен Сингапур тұрғыны Фиби Оливия «Күннің ыстығында, жұмыстың қайнаған шағында мына жігіт құлшылығын өтеуге уақыт тапқан. Өмірдің әрбір сәтін бағалай біліңіздер! Барлықтарыңызға Құдайдың жарылқауын және махаббатын тілеймін» деген жазба қалдырған.

Қаладағы биік үйлердің бірінің төбесінде ысып тұрған қаңылтыр үстіне пакет төсеп, намаз оқуға кіріскен жұмысшы суреті ғаламтор қолданушылары арасында керемет танымалдыққа ие болды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру