ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН ҚАЗАҚ СТУДЕНТТЕРІНЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

01 сәуір 2024 396 0
Оқу режимі

ҚМДБ бекіткен Рамазан айына арналған жоспарға сәйкес шетелде білім алып жүрген қазақ студенттерге ауызашар дастарқаны ұйымдастырылды.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен Түркия елінің Бурса қаласы мен Мысыр елінде білім алып жүрген қазақстандық студенттерге ауызашар берілді. Қасиетті Рамазан айында Бурса қаласындағы қазақстандық 120 шәкіртке ауызашар дастарханы жайылса, Мысыр елінде 200 студентке дәм ұсынылып, жастық шағын ілім-білім жолына жұмсаған тәлімгерлер Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастамасымен ұйымдастырушы Алматы Орталық мешіті және Жетісу, Алатау, Әуезов аудан мешіттерінің ұжымына алғысын жеткізді. 

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру