ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕР «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІН АРАЛАДЫ (ФОТО)

09 сәуір 2023 2640 0
Оқу режимі

Елордамыздағы көрікті құлшылық ордаларының бірі «Әзірет Сұлтан» мешітіне Алматы қаласында білім алып жүрген америкалық студенттер арнайы келіп зиярат етті. Шетелдік туристер ғибадат үйінің тыныс-тіршілігімен танысып, қазақы оюлармен өрнектелген мешіттің ішкі дизайнына деген таңданыстарын білдірді.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы қонақтарды өзі қарсы алып, мешіт ішін аралатып, намаз залында орналасқан Құранның көне жазбаларын көрсетті. Ол 10 ғасыр бұрын жазылған, салмағы 40 килограмм болатын көне Құран түпнұсқа күйінде қалуы үшін вакуумде сақтаулы екенін айтты. Сондай-ақ, қабырғада ілулі тұрған күміс Құранды көрсетіп, мешіт мұнараларының биіктігі мен дизайны туралы қысқаша ақпарат беріп өтті.  Қала бас имамынан Ислам діні туралы біраз ақпаратқа қаныққан мешіт қонақтары қазақтың ұлттық өнерін паш ететін киіз үйдің алдында  естелік суретке түсті.

Айта кетейік, Астанаға келген шетелдік қонақтар мен туристтер Елордамызға әсемдік сыйлап тұрған осынау «Әзірет Сұлтан» мешітін аралау үшін жиі бас сұғады. Мұнда көптеген ел басшылары мен қоғам қайраткерлері қонақта болған.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру