«Шейх Кунта қажы» мешітіне газбен жылыту жүйесі орнатылды (ФОТО)

10 маусым 2022 2770 0
Оқу режимі

Қасиетті жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шейх Кунта қажы» мешітінде қуанышқа толы шара өтті. Бұған дейін жылыту жұмыстары қиынға соғып келген құлшылық ордасына бүгін арнайы газбен жылыту жүйесі орнатылып, игілікті шараға мұрындық болған демеуші азаматтардың қатысуымен салтанатты түрде іске қосылды.

Қуанышты шараға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған дін қызметкерлері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігі мен Сарыарқа ауданы әкімшілігінің өкілдері, газ тарту компаниясының қызметкерлері, демеуші азаматтар қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

Құлшылық ордасының кем-кетігін түгендеп, қолдау көрсеткен демеуші азаматтарға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов өкілдік атынан «Алғыс хат» табыстап, өз ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ, осы игі іске ұйытқы болып, ұйымдастыру жұмыстарына белсене атқарған «Шейх Кунта қажы» мешітінің бас имамы Ибрагим Келдібайұлына да «Алғыс хат» табыстап, еңбегіне жеміс тіледі.

Айта кетейік, құлшылық ордасына газ тарту жұмыстарының негізгі бөлігі қасиетті Рамазан айында атқарылған болатын.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру