«SHOWDOWN» ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ (ФОТО)

04 қазан 2024 186 0
Оқу режимі

«Шоудаун соқырлар үстел теннисі федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі кезекті спорттық сайысын өткізді. Оған «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Шалқар Жолды арнайы қатысып қайтты.

Айта кетсек, зағип жандарға арналған үстел теннисінің аталмыш республикалық деңгейдегі чемпионаты жыл сайын өтіп келеді. «Showdown» бірлестігінің ұйымдастырып отырған бұл жолғы сайысы да тартысты өтіп, тағдыр сынағына қайыспаған жігерлі жандар бар ынта-жігері мен қабілеттерін ортаға салды.   

Ресей мемлекетінен арнайы келген Зағиптар спорты жөніндегі вице-президенті Максим Дьяконов арнайы шеберлік сыныбын өткізіп, зағип жандарға арналған үстел теннисінің қыр-сырлары мен әдіс-тәсілдерін бөлісті.

Пікірлер Кіру