Шу имамдары «Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері» төсбелгісімен марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты жолдауын еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ» атты республикалық байқауы өткен болатын.
Аталған шараға қатысып, Шу қаласы "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы мен "Кәрібай молда" мешітінің имамы Аят Дыбысұлы жүлделі болды. Жасаған жұмыстары үздік деп танылуына орай, Елордада өткен салтанатты рәсімге қатысып, Шудың имамдары «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ» төс белгісімен марапатталды.
Сонымен қатар имамдарға 1 дәрежелі диплом, кубок және куәлік берілді. Имамдардың мәліметі арнайы энциклопедияға енгізілді. Жамбыл өңірінің дін мамандары жеткен жетістік облыс имамдарының діни біліктілігінің айғағы. Имамдарға толағай табыс, қызметте жеміс тілейміз!
Дереккөз: Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі