Шымкент медресе колледжінде қабылдау емтиханы өтті (ФОТО)

23 тамыз 2019 5629 0
Оқу режимі

Шымкент медресе колледжінде 2019-2020 оқу жылына қабылдау емтиханы өтті. Негізгі білім жəне орта білім негізінде құжаттар тапсырған талапкерлердің арнайы шығармашылық емтиханын қабылдауға Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының діни білім жəне кадр дайындау  бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев арнайы келді. Сонымен қатар медресе колледжінің арнайы пəн оқытушылар құрамынан бекітілген комиссия талапкердің мамандық ерекшелігін ескере отырып, білім деңгейін анықтады. Негізгі және орта білім бойынша Исламтану мамандығына емтихандар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ережелеріне сай ашықтықпен өтті. Мамандық ерекшелігі ескеріліп, талапкерлердің діни таным деңгейі, болмыс нанымына басымдық берілді.

Негізгі білім бойынша алпысқа жуық талапкерлердің арасынан білімді талапкерлер емтихан сұрақтарынан сүрінбей өтіп, студент атануға мүмкіндік алды. 

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының діни білім жəне кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев “емтиханға дайындықпен келген барлық талапкерлерге көңілі толатынын жеткізді.”

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру