Шымкенттік жас қариларға умра жолдамасы берілді (ФОТО)
Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың қолдауымен Шымкент орталық мешітінде жас қариларды марапаттау іс-шарасы өтті.
Дәлірек айтқанда, «Айқап» мешіті жанындағы діни сауат ашу курсында 2018-2020 жылдар аралығында қасиетті Құран Кәрімді толық жаттаған жас қарилар Нұркен Омарбайұлы, Тохир Бахрамұлы, Әділет Нұрланұлы, Бағлан Тасболатұлы, Шыңғысхан Жұмабайұлы мен Дулат Қанышұлына Ұмра қажылық сертификаты мен ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлының «Қасиетті Құран мағынасы мен түсініктемелері» кітабы тарту етілді.
Мұнымен қатар, қала бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы озат шәкірт тәрбиелеп, қарилық деңгейге жеткізген «Айқап» мешітінің ұстазы Ерасыл Қалқыманға және мешіт жанашыры Ерлан Иманқұловқа Құран Кәрім сыйлап, алғыс хатпен марапаттады.
Дереккөз: Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі