Стамбұлда Айя София Фатих медресесі ашылды

15 сәуір 2022 3798 0
Оқу режимі

Бүгін Стамбұл қаласында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен Айя София Фатих медресесі ашылды.

Түркия президенті жұртшылықты Рамазан айымен және медресенің қайта ашылуымен құттықтады.

«Бұл медреседен ертең ғалымдар, зиялылар, зерттеушілер шығады деп үміттенемін. Алла қаласа, бұл жерде Фатих Сұлтан Мехмет университетіне қарасты қолданбалы және зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Сұлтан Фатихтің тағы бір жәдігерін қайта тірілтуге мүмкіндік бергені үшін Раббыма алғыс айтамын!» деді Режеп Тайып Ердоған.

Жаңа медресенің ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, профессор Али Ербаш, Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Аллашүкір Пашазаде, Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы Нуриддин Холикназаров қатысты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру