Су тасқынынан зардап шеккен жалғызбасты анаға үй берілді
07 сәуір 2024
1410
0
Оқу режимі
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы өкілдігі «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 746-баспананың кілтін жалғысбасты анаға табыстады.
2-топтағы мүгедек балаларды асырап отырған Зина Жолдалиқызы су тасқынынан зардап шегіп, үйсіз қалған болатын. Ақтөбе облсындағы сапарында қор директоры Мақсатбек Мақсотұлы пәтерді табыстау рәсіміне қатысып, жаңа баспана иесін құттықтады.
Айта кетейік, бұл – Рамазан айындағы «30 күнде 30 баспана» жобасы бойынша беріліп отырған 26-баспана.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру