СУЫҚ КҮНДЕ ЖЫЛУ СЫЙЛА! (ФОТО)

09 қаңтар 2024 2128 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Суық күнде жылу сыйла» акциясын бастады. Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлының бастамасымен қала мешіттері қақаған суықта көше тазалап жүрген тазалықшыларға ыстық тамақ пен шәй таратты.

Соның ішінде қалалық «AQ MESHIT» мешітінің бас имамы Дәурен Мүслимов бастаған қызметкерлер де сауапты іске атсалысты. Қаңтардың аязды күндерінде қар басып қалған қала көшелерін тазалап жүрген қызметшілерге бір уақыт ыстық тамақ ұсынып, ыстық шаймен бойын жылытып, аз уақыт болса да дем басуына мұрсат беру – үлкен сауап.

Қасиетті Құранда «Алланың өздеріңді үнемі көріп тұратынын қаперлеріңде ұстап, тек игі істер істесеңдер, өздерің үшін жақсылық істегендерің» («Исра» сүресі, 7-аят) делінеді.

Шын мәнінде сүйікті қаламыздың тазалығын сақтап, көзге көрінбейтін ауыр жұмысты атқарып жүрген бауырларымыздың алғысын алып, көңілін бір серпілтіп қою өте маңызды және тәрбиелік мағынасы терең амал. Осы істе атсалысқан барша қызметкерлер мен мешіт жамағатына алғыс айтамыз.

 

Пікірлер Кіру