СЫҒАНАҚИ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ
Астана қаласында Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институтының екінші түлектеріне арналған салтанатты куәлік табыстау рәсімі өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты бұл оқу орны төрт жыл бұрын іргетасын қалап, бүгінде өз жемісін беріп отыр.
Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Түркия елшілігінің өкілі, сондай-ақ, зиялы қауым, еліміздегі белгілі дінтанушылар мен ұстаздар қатысып, түлектерге жылы лебіздерін білдірді.
«2026 жылы институт қабырғасынан «Ислам ілімдері» бағыты бойынша 9 түлек, ал «Құран ижазасы» бағыты бойынша 11 қари оқуын сәтті тәмамдап, үлкен өмірге қадам басқалы отыр. Бұл нәтиже шынайы еңбектің, ұстаздар салған сара жолдың және шәкірттік шыдам мен табандылықтың айқын белгісі деп есептеймін.
Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институты ашылған күннен бүгінге дейін «Ислам ілімдері» бойынша барлығы 23 түлек, ал «Құран ижазасы» бағыты бойынша 47 шәкірт тәрбиеленіп шықты. Олардың жалпы саны – 70 түлек. Олардың басым бөлігі бүгінде ел игілігі жолында қызмет етіп, діни мекемелерде абыройлы еңбек атқаруда. Ал кейбір түлектер өз білімдерін одан әрі тереңдетіп, ғылыми ізденіс жолын жалғастырып келеді.
Биылғы бітірушілер арасынан ерекше дараланған 11 Құран хафизіне арнайы «Ижаза» құжаты табысталады. Хақтың кәләмін көкірегіне тоқыған бұл шәкірттерімізге сәттілік пен береке тілеймін. Аллаға шүкір, бүгін Имам Асым қырағатының Хафс риуаяты бойынша 10 шәкіртіміз, Имам Асым қырағатының Хафс және Шуғба риуаяты бойынша 1 шәкіртіміз арнайы ижаза куәлігіне ие болып отыр. Алла құтты да берекелі етсін» – деді ҚМДБ Төрағасы.
Салтанатты шара барысында тек негізгі бағытты тәмамдаған түлектерге ғана емес, институт жанындағы «Ижаза» орталығында білім алған қариларға да арнайы куәліктер табысталды. Бұл шәкірттер Құран Кәрімді толық жаттап, қырағат ілімінен тиісті сынақтардан сәтті өткен.
Куәлік алған түлектер:
1. Ильясов Қуанышкали Ерболатұлы
2. Тусупбеков Ерлан Сарсенұлы
3. Талап Абылайхан Талғатұлы
4. Серкебаев Мұрат Мажитұлы
5. Мелс Медеу Мелсұлы
6. Тажиман Айдос Әнесұлы
7. Орынбасар Иса Өтегенұлы
8. Ережеп Құсайынұлы
9. Мадиев Ернар Болатұлы
Құран ижазасы берілген қарилар:
1. Ермаков Алтынбек Мақсатұлы
2. Ахмет Ғазиз Нұртайұлы
3. Ілияс Асқар Әділбайұлы
4. Зиноров Абдулсаид Талғатұлы
5. Кулер Нуреттин Абдулсамадұлы
6. Әлайдар Расул Жақыпұлы
7. Ниязов Ержан Исаханулы
8. Алданазар Саржан Бахтықиярұлы
9. Кутуров Рашид Рахимұлы
10. Азимбек Нурмухаммед Сабитұлы
11. Салимбек Омар Сайфудинұлы
Шара соңында ҚМДБ Төрағасы институт ұстаздарына алғыс хат табыстап, сый-сияпат жасады.














































Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі