Талдықорғанда ІІ облыстық дінтанушылар форумы өтті (ФОТО)

17 қазан 2019 4447 0
Оқу режимі

Бүгін Талдықорған қаласының Салтанат сарайында ІІ облыстық дінтанушылар және діни бірлестік жетекшілерінің форумы болып өтті.

Форумға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі Әзілханов Марат Алмасұлы, облыс әкімі орынбасары Байжұманов Батыржан Құлаймергенұлы, ҚМДБ «Халықаралық қатынастар және хаттама» бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы Оңғаров Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы, дінтанушы-ғалымдар, аудан-ауыл имамдары, шіркеу жетекшілері қатысты.

ҚМДБ-ның «Халықаралық қатынастар және хаттама» бөлімі меңгерушісі Оңғаров Ершат Ағыбайұлы форумда баяндама жасады. Форум жұмысының нәтижесі бойынша үндеу қабылданды.

Сондай-ақ, форумда «Үздік дін қызметкері» және «Үздік ғибадатхана» номинациялары бойынша облыс әкімі Амандық Батталовтың атынан дін қызметкерлеріне дипломдар және алғыс хаттар табыс етілді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру