ТМҰ БАС ХАТШЫСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ (ФОТО)

09 наурыз 2024 454 0
Оқу режимі

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров пен Халықаралық байланыс және хаттама бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов Түркі Мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Қубанычбек Өмірәлиевпен кездесті.

Кездесуде бөлім меңгерушілері Қубанычбек Өмірәлиевке Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Сондай-ақ сұхбат барысында Түркі мемлекеттері Мүфтилер алқасының биылғы ҚМДБ тарапынан Қазақстанда атқарылатын іс-шараларының жоспары талқыланды.

Айта кетейік, биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркі мемлекеттері Мүфтилер алқасына төрағалық етеді. Оған қатысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бірнеше халықаралық шаралар жоспарланып отыр.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру