«Төлебай» мешіті 50 оқушыға мектеп сөмкесін үлестірді (ФОТО+ВИДЕО)

28 тамыз 2019 6094 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінде басталған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы әлі де жалғасу үстінде. Бүгін қала іргесіндегі «Төлебай» мешітінде аталмыш акция жалғасын тауып, 50 оқушыны мектепке дайындау шарасы өтті.

Салтанатты шараға мешіт бас имамы Асхат Салимов пен «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ерболат Жүсіпов қатысып, оқу жылы қарсаңындағы қайырымдылық шарасының мән-маңызына тоқталып өтті. Нұр-Сұлтан өкілдігі атынан арнайы қатысқан Ерболат Жүсіпов мешіт жамағатына ізгі лебізін білдіріп, бүлдіршіндерге білім жолында сәттілік тіледі.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру