«Төлебай» мешітінде 40 отбасыға қайырымдылық жасалды (ФОТО)

26 наурыз 2020 3753 0
Оқу режимі

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Төлебай» мешітінде бүгін қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 40 отбасыға көмек көрсетілді. Мешіт жамағатының демеушілігімен жүзеге асқан игі шара аясында мұқтаж отбасыларға азық-түлік қоры таратылып, қаржылай көмек те берілді.

Мешіт бас имамы Асхат Салимов мұқтаж отбасыларға жылы лебізін айтып, осындай қиын-қыстау шақта бір-біріне бауырмалдық танытып, қарайласа жүрудің абзалдығы жайында жеткізді. Еліміздің амандығын сұрап арнайы дұға жасап, келушілердің көңіліне жұбаныш сыйлауға тырысты.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру