Түркістан: Рамазан керуеніне үлес қосты (ФОТО)
Елордадан бастау алған «Рамазан керуеніне» Түркістан облыстық өкілдігі мен аудандық мешіттер үлес қосып жатыр. «Зекет» қоры өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық мешіт пен Қазығұрт ауданы «Ысмайыл ата» мешітінде 100 отбасыға көмек көрсетті. Ал, Кентау қаласында 300, Төлеби ауданында 50 жанға азық-түлік, тұрмыстық керек-жарақтар үлестірілді.
Ауқымды қайырымдылық шаралары жоспарға сай, белгіленген кесте бойынша аудандық орталық мешіттердің барлығында жүзеге аспақ. Рамазан айы басталғалы ауылдық деңгейдегі мешіттерде де мұқтаж отбасыларға үздіксіз жәрдем беріліп келеді. Облыс бойынша мыңнан астам адамға Рамазанның ризығы жеткізілді.
Игі істің басы-қасында болған наиб Мүфти Алау Әділбаев демеушілік еткен кәсіпкерлермен сұхбаттасып, Мүфтият атынан алғыс білдірді. Сондай-ақ, көмекке қолы жеткен аналарды Рамазан айымен құттықтады.
Дереккөз: Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі