Түркістанда сатушысы жоқ дүкен ашылды

28 қараша 2018 8335 0
Оқу режимі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы бойынша алғашқы «Адалдық дүкені» ашылды. Бұл игі іске алғашқы болып қолдау білдірген Түркістан жоғары медициналық және Түркістан гуманитарлық-техникалық колледждер болды.

Бұл бастама сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттік тарапынан жүзеге асырылған Жобалардың бірі. Жобаның басты мақсаты - қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру және жастарға өзін жақсы, адал азамат ретінде анықтауға мүмкіндік беру.

Дүкенде оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті заттарды алып, алған тауары үшін ақшаны кассалық жәшікке салып есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы болмайды, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады.

Аталған іс-шара жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, оның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған.

Алғашқы ашылған дүкенге студенттер өз таңданыстарын білдіріп, сенім білдірген ұйымдастырушылар мен оқу орындарының басшыларына өз алғыстарын білдірді.

«Адалдық дүкендерін» облыстың барлық жоғарғы оқу орындары мен колледжерінде ашу жоспарлануда.

Дереккөз: baq.kz

Пікірлер Кіру