Түркістандық көп балалы анаға тегін үй берілді

09 қаңтар 2019 5380 0
Оқу режимі

ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен қаладағы «Жұма» мешітінің жамағаты бірігіп көп балалы отбасыға баспана сыйлады.

Шаңырақ иесін құттықтай барған облыс имамы жақсы жаңалық жеткізді. ҚМДБ тарапынан атқарылатын 4 бағыттың бірі қайырымдылық екендігін, өткен жылы имамдардың араласуымен осы тапсырма аясында облыс бойынша 12 баспана берілгенін, Түркістан қаласында 2 өртенген үйге жәрдем жеткізілгенін атап өтіп, алдағы жылы тағы бір отбасыға баспана əперу жоспарда барына тоқталды, Мұсабек Ақтамберді. Сондай-ақ, игі іске атсалысып, қайырымдылық еткен «Жұма» мешітінің жомарт жамағатына береке тіледі.

Ал, 6 баласымен далада қалдырмай, отау тарту еткен жұртшылыққа Гүлназ Құдайбергенқызы: «Балаларыммен қанша жыл пәтерден пәтер көшіп, көп қиындық көріп қиналдым. Енді міне Аллаға шүкір бұл күнге де жеттік. Барша жәрдемші болған азаматтарға Алла Тағала разы болсын»,- деп ақжарма тілегін жаудырды.

Қуанышқа ортақтасып келген ақсақалдар ақ батасын беріп, имамдар мен жергілікті жамағатқа ризашылықтарын білдірді. Құран оқылып, дəстүрге сай шүкіршілік дастарханы жайылды.

Дереккөз: ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру