Түркия: Коньядағы студенттермен кездесу өтті

04 қаңтар 2024 954 0
Оқу режимі

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы Түркияда білім алып жатқан қазақ студенттерімен кездесті.

Діни басқарманың осы елдегі өкілі, «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Жандос Айтбай кездесуге ұйытқы болып, Конья қаласында білім алып жатқан  студенттеріне арнайы дастарқан жайылды. Рухани отырыс барысында Мақсатбек Мақсотұлы шәкірттерге білім алу және елге, қоғамға пайдалы істермен айналысу және қайырымдылық жасау жөнінде насихат айтты. Сондай-ақ сұрақ-жауап ұйымдастырылып, студенттерге сыйлық таратылды.

Айта кетейік, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілдігі, «Талаба» қауымдастығы мен «Халықаралық зағиптарға арналған Құран кызметі қауымдастығы» бірлесіп Ыстамбұл қаласында «Көру қабілеті шектеулі жандарға арналған діни қызметтерді дамытуда қоғамдық ұйымдардың ынтымақтастығы мен рөлі» тақырыбында ұйымдастырған екі күндік семинарға қатысқан болатын.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру