ТҮРКИЯДА БРАЙЛ ЖҮЙЕСІМЕН ҚҰРАН ОҚУ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

27 желтоқсан 2023 1929 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілдігі, «Талаба» қауымдастығы мен «Халықаралық зағиптарға арналған Құран кызметі қауымдастығы» бірлесіп Ыстамбұл қаласында «Көру қабілеті шектеулі жандарға арналған діни қызметтерді дамытуда қоғамдық ұйымдардың ынтымақтастығы мен рөлі» тақырыбында екі күндік семинар өткізді.

Көру қабілеті төмен жандарға арналған оңалту орталығында өткен семинарға Бас мүфти тапсырмасымен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев, «MUFTIYAT» баспасының директоры Мұрат Манапұлы, «Уақып» қорының директоры Ардақ Оразбай, сондай-ақ, «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Жандос Айтбай, Түркия Білім министрлігінің, Отбасы және әлеуметтік мәселелер министрлігі, Ыстамбұл қаласының әкімшілік өкілдері, қазақстандық имамдар мен осы елде білім алып жатқан докторанттар қатысты.

«Халықаралык зағиптарға арналған Құран кызметі қауымдастығы» директоры Халис Құралай делегаттарға қауымдастық атқарып жатқан жұмыстарды таныстырып өтті. Зағип жандарға Брайл жүйесімен әзірленген Құран Кәрім кітаптарын шығарумен және оларды таратумен айналысатын қауымдастық басшысы көзі нашар көретін және мүлдем көрмейтін жандарға бірлесе қызмет етуге шақырды. Өз кезегінде «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы:

«Көру қабілеті төмен жандарға арнайы қолдау жобасы аясында «шоудаун» үстелдерін жасауды қолға алдық. Дәл сондай зағип болса да, талантты балаларды халықаралық музыкалық байқауларға жіберу, Брайл жүйесімен Құран оқыту жобасын қолға алып жатырмыз. Оларды қолдау мақсатында арнайы оқу құралын дайындадық. Ендігі межеміз – Браиль жүйесімімен Құран және басқа кітаптарды басып шығару» деді.

Айта кетейік, екі күнге жалғасқан семинар соңында қатысушы-делегаттарға арнайы сертификат табысталды.

Пікірлер Кіру