ТҮРКИЯДАҒЫ «ТАЛАБА» ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10 наурыз 2024 492 0
Оқу режимі

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров пен Халықаралық байланыс және хаттама бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласында білім алып жатқан шәкірттермен кездесті.

Бөлім меңгерушілері студенттерге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, мүфтияттың Түркия Республикасындағы өкілі әрі «Талаба» студенттер қауымдастығының жаңа жетекшісі Абдурашид Қарабаевты таныстырды. 

Сондай-ақ ҚМДБ атынан арнайы дастарқан жайылып, Батыржан Берденұлы мен Марат Дәлелханұлы діни бағытта білім алып жүрген қазақстандық шәкірттерге насихат айтты.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру