ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ (ФОТО

16 сәуір 2023 2087 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Елордадағы «СИЗО» түзеу мекемесіндегі ораза ұстаушыларға ауызашар берілді. Жат ағымның жетегінде кеткен мұсылман бауырларға қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымына сай уағыз-насихат айтып, ізгілікке шақырды.

Рамазан айындағы сабырлық, тақуалық туралы уағыз айтқан қала бас имамы жиылған жұртшылықты қоғам дамуына үлес қосуға шақырды. «Қоғамның, Қазақстанның дамуы тек жоғары билік өкілдеріне байланысты емес. Біз, осы жерде отырған әрқайсымыз қоғам мүшесі саналғаннан кейін өзіміздің ісімізді тауып, адалынан, қарым-қабілетіміз жеткенше еңбек ететін болсақ, қоғам дамуы ілгерілей түспек» деді Ерболат Нұрылдаұлы өз сөзінде. «Aqmeshit» мешітінің ұйытқы болуымен өткен игі жиынға қатысушылар көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру