ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ 150 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

28 наурыз 2024 843 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы өкілдігі қаланың шетінде орналасқан 03 түзету мекемесіне барып, жазасын өтеп жатқан 150 жанға ауызашар себеттерін үлестірді.

Сондай-ақ ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің діни оңалту бағытына жауапты маман Рахымқазы Қабдысалым Рамазан айының қадір-қасиеті мен шапағаты жайында уағыз-насихат айтып, «Muftyat» баспасынан жарық көрген «Намаз оқу үлгісі», «Рамазанға қатысты 150 сұрақ», «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітаптарын таратты.

Кеш соңында мекемеде жазасын өтеп жатқан жандар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан тұщымды жауаптар алды.

Суреттерді сайтымыздың «Фотогалерея» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру