«Уақып» қоры атынан мешіт шәкірттеріне ауызашар берілді (ФОТО)

22 сәуір 2022 2739 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ «Уақып» қорының атынан республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттеріне ауызашар дастарханы жайылды. Қарияларға құрмет көрсету мақсатында жайылған ауызашар дастарханына Бас мешіттің Діни сауат ашу курсында дәріс алып жатқан апа-әжелеріміз арнайы шақырылды.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жауапты өкілі Мерей Жақия ауызашарға шақырылған қария шәкірттерге ізгі лебізін білдіріп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру