ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУ ОРТАЛЫҒЫМЕН БІРЛЕСКЕН ЖИЫН ӨТТІ

15 қараша 2023 1828 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Ұлттық аккредиттеу орталығы басшыларымен жиын өтті.

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлының төрағалығымен өткізілген жиынға ҰАО бас директорының орынбасары Абдусамат Әкімов, «Халал Даму» мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы, заңгерлер, мекеме қызметкерлері қатысты.

Алдағы уақыттағы аккредиттеу мәселелері, стандарттау және сертификаттау саласында «Халал Дамудың» болашағы, діни басқарманың аккредиттеу мәселесіндегі рөлі секілді мәселелер талқыланды. Екі жақты кездесу барысында «Халал Дамуды» мемлекет тарапынан аккредиттеу үшін бірлесе атқарылатын жұмыстар барысы қаралды.

«Жоғарыда аталған барлық мәселелер одан әрі тиімді шешімдерін табатынына сенімім мол. Бұл өз кезегінде сәйкестікті бағалаудың жаңа бағыттарын дамытуға, өнеркәсіп пен жалпы халал индустриясын дамытуға оң ықпал етеді», – деген Ершат Ағыбайұлы екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға, бірлесе қызмет атқаруға шақырды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру