«Үміт»  дағдарыс орталығында аналармен кездесу өтті (ФОТО)

04 наурыз 2022 3976 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің қызметкерлері «Үміт» дағдарыс орталығында аналармен кездесуге қатысты. Арнайы шара дағдарыс орталығында алуан тағдырлы аналарға моральдық қолдау көрсету, отбасынан жырақта жүрген жандардың көңіліне сенім пен жан жылуын сыйлау мақсатында өткізілді.

Кездесуге Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Гүлмира Тілеуғалиқызы Шрахметова мен мешіт қызметкері Дулат Қадырұлы қатысты.

Дулат Қадырұлы өз кезегінде отбасындағы және қоғамдағы ананың ролі, бала тәрбиесінің негізгі тетіктері мен маңызы туралы құнды ақпарттармен бөлісті.

Айта кетейік, аналарға мешіттің қолдауымен арнайы гүл шоқтары және тәтті торттар сыйға тарту етілді.

Дереккөз: Sunna.kz

Пікірлер Кіру