Тәуелсіздік мерекесіне орай байқау жариялады

10 желтоқсан 2019 5103 0
Оқу режимі

Тәуелсіздік күніне орай, «Нұр Астана» мешітінің ресми сайты ummet.kz рухани-ағарту порталы үздік құттықтау, тілектерге байқау жариялайды.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген халқымыз «Баталы құл – арымайды, батасыз құл – жарымайды», «Атадан бота қалғанша бата қалсын» деп бата-тілектің, жақсы сөздің қадірін парасат биігінде бағамдаған. Осыған орай қастерлі Отанымыздың келешегі мен қасиетті Тәуелсіздігіміздің баянды болмағы, ел-халқымыздың баяшат өмірі үшін айтылған әрбір жақсы сөз дұға есебінде қабыл болатыны анық», деп жазылған арнайы хабарландыруда.

«Тәуелсіздік күніне тілек» деп аталатын байқауға қатысушы үміткер ummet.kz сайтындағы арнаулы бетке өзінің Тәуелсіздік күніне орай, ақжарма тілектерін қалдыра алады. Құттықтау сөздерге оқырман қауым лүпіл басу арқылы өз бағасын береді. Оқырманның ең көп ықыласына бөленген үздік 3 құттықтауға редакция тарапынан арнайы сый-сияпат бар.

Уақыты: 18.12.2019 ж. күні 00:00-ге дейін. Байқау қортындысы 19.12.2019 ж. белгілі болады. Байқау нәтижесі сайтта қосымша хабарланады. 

Толығырақ ummet.kz сайтынан біле аласыз.
 

Пікірлер Кіру