V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

24 маусым 2023 1489 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана өкілдігі қызметкерлерінің қатысуымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде V Республикалық имамдар форумы құжаттарын талқылау жиыны өтті. Жақында ғана өткен «Имам – ізгі қоғам жаршысы» атты форумда қабылданған «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани (діни және ұлттық) құндылықтарды насихаттаудағы рөлі»«Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі»«Қажының рухани келбеті» құжаттары жиында өкілдік қызметкерлеріне кеңінен таныстырылып, осы бағыт бойынша атқарылатын жұмыс жоспары бекітілді.

Қасиетті Құран аяттарымен ашылған жиын барысында Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов аталмыш құжаттардың маңыздылығына атап өтіп, діни рәсімдерді осы құжаттарға сай атқару турасындағы жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ, Ерболат Нұрылдаұлы Астана өкілдігі бойынша 2022 жылы атқарылған іс-шаралар есебіне тоқталып, жеткен жетістіктер мен кеткен кемшіліктер жайында да айтып өтті. Сөз соңында барша өкілдік қызметкерлерін бір үйдің баласындай жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Діни және ұлттық құндылықтарды дәріптеуде, діни құлшылықтарды шариғат талабына сай атқару ісінде, діни рәсімдерді бірізділікпен өткізуде дін қызметкерлерінің рөлі мен жауапкершілігі аса зор. Сондықтан алқалы жиында Жұманазар Өсерханұлы мен Асхат Салимов, Дастан Смағұлов үш құжат бойынша арнайы баяндама жасап өтті.

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру