VII Еуропалық Құран жарысы сәуір айында өтетін болды

04 ақпан 2019 5969 0
Оқу режимі

Гамбург Ислам орталығының хабарлауынша, VII Еуропалық Құран жарысы үстіміздегі жылдың 12-14 сәуір күндері Гамбург қаласында өтетін болмақ. 

Аталмыш жарыстың мақсаты – Құран мәдениеті мен тағылымын кеңге жайып, қарилардың көбеюіне сеп болу, сондай-ақ адамдарды Құранға жақындатып, Еуропа жұртшылығын Құран Кәрімге қызықтыру болмақ. Жарыс жеңімпаздарын қомақты сыйлықтар күтіп тұр. Атап айтқанда, Құранды мәнерлеп оқу бойынша бірінші орынға – 1500, екінші орынға – 1200 және үшінші орынға – 1000 еуро көлемінде ақшалай сыйақы табысталмақ.  

Дереккөз: kazislam.kz

Пікірлер Кіру