«Ырыскелді қажы» мешітінде психологиялық тренинг өтті (ФОТО)

05 қараша 2018 8955 0
Оқу режимі

Өткен аптада Астана қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінің әйел жамағатына арналған психологиялық тренинг болып өтті.  Аталмыш тренингке Елорадамыздағы Дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкері, белгілі психолог Қойшиева Лимана Құттыбекқызы және «Нұр-Астана» мешітінің ұстазы Нұрғалиева Динара Құтқожақызы қатысып, жамағатқа пайдасы ұшан-теңіз болған жүздесу өткізді.

«Бақытты отбасы» тақырыбы аясында өрбіген семинар жұмысын «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі, «Ырыскелді қажы» мешітінің ұстазы Сәбина Негманова жүргізіп, тренинг қонақтары мен жамағат арасында жалғастырып отырды. Семинар барысында жамағат тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, мамандардың тұшымды жауаптарына жалғасты.

Семинар соңында мешіт жамағаты атынан қонақтарға алғыс айтылып, ризалықтарын білдірді. Мешіт ұстазы Сәбина Негманова алдағы уақытта бұндай семинар-тренингтердің тұрақты түрде өткізіліп тұратынын жеткізді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру