«ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ДӘРІСТЕРІ ЖАЛҒАСУДА (ФОТО)

31 мамыр 2024 305 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Ырыскелді қажы» мешітінде шәкірттерге Құран дәрістері жалғасып келеді.

Мешіт ұстаздары күн сайын Құран әліппесі, тәжуид және Құранды мәнерлеп оқу бойынша шәкірттерге сабақтар жүргізіп келеді. Арнайы берілген тапсырмалар негізінде шәкірттер білімдерін пысықтап, жақсы нәтижелер көрсетіп келеді.

Құранға деген махаббат оны оқуға байланысты. Бұл қасиетті кітапты оқу ең ұлы ғибадаттардың бірі әрі Аллаға жақындататын бірден – бір төте жол болып табылады.

Құранда: «Құраннан оқи алатындарыңды оқыңдар» («Мүзәммил», 20) деп айтылса, Әбу Умәмә риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Құран оқыңдар! Ол қиямет күні иесіне шапағат етеді» (Мүслим) – деген.

10 адам кескіні болуы мүмкін

13 адам кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру