ЫСТАМБҰЛДА IX ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ХАЛАЛ САММИТ ӨТЕДІ

13 қараша 2023 1253 0
Оқу режимі

Биылғы жылдың 23-26 қарашасы аралығында Ыстамбұлда Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының қолдауымен, Ислам елдерінің Стандарттар мен метрология институты (SMIIC)  Discover Events ұйымдастыруымен тоғызыншы Дүниежүзілік халал саммит өтеді.

Дүниежүзілік халал саммит – халықаралық ғалымдар мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген фиқһ сарапшыларының қатысуымен өтетін халал индустрияның соңғы жаңалықтарымен келушілерді таныстыратын әлемдегі ең ірі шара.

Көрме алаңында 40-тан астам елдің өнімдері мен қызметтері көрсетілген 500-ге жуық павильондар қойылады. Көрмеге азық-түлік өндірісі, мейрамхана бизнесі, косметика және сән индустриясы, фармакология және туризм саласындағы жетекші компаниялар ұсынылады. Сондай-ақ исламдық банкинг саласындағы қызметтер көрсетіледі. Саммит халал индустриясының әртүрлі салаларындағы қатысушылар, зерттеушілер мен сарапшылар арасында білім алмасу және ынтымақтастық үшін қолайлы орта құруға бағытталған.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру