ЮНЕСКО көне мешітті қалпына келтіру үшін 100 млн доллар бөліп отыр

13 қыркүйек 2019 4734 0
Оқу режимі

ЮНЕСКО ұйымы Ирак елінің Мосул қаласындағы ХІІ ғасырда тұрғызылған көне мешітті қалпына келтіру үшін 100 млн АҚШ долларын бөліп отыр. Айта кетейік, аталмыш сәулет туындысын осыдан екі жыл бұрын «Ислам мемлекеті» террорлық ұйым мүшелері жермен-жексен еткен болатын.

Қазіргі уақытта Париж қаласында ЮНЕСКО және Ирак елінің өкілдері кездесіп, қалпына келтіру жұмыстарының кестесін бекітіп үлгерген. «Мосул рухын жаңғырту» деген атау алған бұл жоба Ирак елінің тарихындағы қыруар қаражат жұмсалған әрі жұмыс ауқымы ең орасан жоба саналып отыр.

Құрылысшылардың айтуынша, құрылыс жұмысының ең қиыны мешіттің мұнарасын қалпына келтіру көрінеді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру