«Зекет» қоры Астана қаласындағы мұқтаж отбасыларды көмірмен қамтамасыз етті (ФОТО)

07 наурыз 2019 5751 0
Оқу режимі

Наурыз айы келгенімен, Астанада әлі де қар жауып, боран соғып тұр. «Зекет» қорына өтініш білдірушілер легі де бәсеңдеген емес. Азық-түлік, киім-кешектен бөлек, отын мәселесі қиын отбасылар жетерлік. Бүгін қордың мұқтаждар базасынан іріктелген 6 отбасыға көмір жеткізілді.

ҚМДБ «Зекет» қорының атқарушы директоры Талғат Омаров қызметкерлерімен бірге тізімдегі отбасылардың үйлеріне барып, жағдайларын көріп қайтты. Ислам мұқтаждарға көмек қолын созып, садақа беріп, жақсылық жасауға шақыратындығын сөзге тиек етті.

Айта кету керек, «Зекет» қоры жұма күні мұқтаждарға көмір алуға қаражат жинау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырған болатын. 

 

Дереккөз: «Зекет» қорының баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру