«Зекет» қоры «Жақсылықта жарысайық» шарасын жалғастыруда (ФОТО)

13 наурыз 2019 5717 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазанға таяп қалғанымызды еске салатын, құрметті айлардың бірі Ережеп айы басталғаны белгілі. Адамдар сауапты амалдарын арттыруға, жақсылық жасауға асығуда.

Осылайша, өткен демалыс күндері астаналық демеушінің көмегімен мұқтаж жандарға 5 (бес) тонна картоп үлестірілді. Олардың арасында қордың тізімінде тұрған әлеуметтік аз қамтылған, қарамағында мүгедек балалары бар, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар және «Астана» медресесінің шәкірттері.

«Зекет» қорының басшылығы демеуші болған қайырымды жанға шын жүректен алғысын білдіріп, ісіне береке тіледі. Көмек алған отбасылар өз кезегінде бұндай қайырымдылық шарасына қуанып, атсалысқан барлық азаматтарға алғыстарын жаудырып жатты.

Егер сіздер мұқтаж жандарға қол ұшын беруге дайын болсаңыздар, «Зекет» корпоративтік қорының мына номеріне хабарласуыңызға болады: 8 775 417 19 12

Пікірлер Кіру