ЖАЛАҒАШ КЕНТІНДЕ МЕШІТ АШЫЛДЫ

08 қараша 2023 1143 0
Оқу режимі

Қызылорда облысының Жалағаш кентіндегі Дәуімбай учаскесінде жаңадан «Ар-Рахим» мешіті пайдалануға берілді.

Мешіттің ашылу рәсімінде Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абу, аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, Досымовтар әулетінің ақсақалы Сәрсенбай Төлемісов сөз сөйлеп, күмбездері көкпен таласқан жаңа мешіт ғимараты елді береке-бірлікке шақыратын имандылық ошағы болсын деген тілек білдірді.

Шарада жаңа мешіттің лентасы қиылып, құран бағышталды.

Жалағаштың тумасы, жеке кәсіпкер Қайрат Досымовтың демеушілігімен салынған жаңа құтхана 100 шақталып салынған.

​Дереккөз: aqmeshit.kz

Пікірлер Кіру