Жамағат арасында сенбілік өтеді

19 сәуір 2019 1191 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен сәуір айының 20-жұлдызында (сенбі) Елорда мешіттері жамағаттарының қатысуымен жалпы халықтық сенбілік өтеді.

Сенбілік аясында:

  • Қала мешіттерінің алаңына ағаш отырғызу;

  • Қала маңындағы мазарларда (зират) тазалық жұмыстары жүргізіледі.

Қатысамын деушілер 20-сәуір күні сағат 09:00-де Елорданың кез-келген мешітіне келуіне болады.

Қазақ халқы артыңда мал қалғанша, тал қалсын деп текке айтпаса керек. Ағаш отырғызудың пайдасы қаншалықты екенін екі дүние сардары Пайғамбарымыздың (с..ғ.с.) мына хадисінен аңғаруға болады: «Кімде-кім бір тал ексе Алла Тағала міндетті түрде бұл тал жеміс бергенше оған сауап жазады». Тағы бір хадис шәріпте: «Кімде-кім бір тал егіп, оның жемісінен адам немесе Алла Тағаланың жаратқандарынан біреу жесе, ақиқатында ол адам үшін бұл бір садақа», – делінген.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру