ЖАМАҒАТҚА МАРҚҰМ АБСАТТАР СМАНОВ АУДАРҒАН ҚҰРАН КӘРІМ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

31 наурыз 2023 3665 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатына белгілі дін ғалымы, марқұм Абсаттар Смановтың «Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігі» кітабы таныстырылды. Жұма намазынан соң қала бас имамы Ерболат Жүсіпов жамағатқа марқұм Абсаттар Смановтың өнегелі өмірі мен артына қалдырған мол мұрасы жайында айта келіп, еңбектің жарыққа шығуына мұрындық болған Әбжаппар Смановқа сөз берді.

Айта кетейік, аталмыш еңбектің жақында ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында арнайы тұсаукесер рәсімі өтіп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жылы лебізін білдірген болатын.

Марқұмның ағасы Әбжаппар Сманов жамағатқа «Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігі» кітабының жазылу және жинақтау тарихын баяндап берді. Шара соңында мешіт жамағатына, ақсақалдар қауымына өз қолымен аталмыш Құран кітабын сыйға үлестірді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру